• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

«Нұр Отан» партиясы: сұрақ – сізден, жауап – бізден

544 рет
көрсетілді

Кеше «Нұр Отан» партиясының Астанадағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде шалғайда жатқан ауыл тұрғындарын «Қазпошта» АҚ бөлімдері арқылы онлайн режімде тыңдау ұйымдастырылды. Аталған шара «Партияға өтініш» акциясы аясында өткізілді. Акция шеңберінде қолға алынған бұл жолғы шара білім беру саласына арналды. Сондықтан, шалғайдағы ауыл тұрғындарының түрлі сауалдарына жауап беру үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев келді. Қабылдау барысында Skype бағдарламасы арқылы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урипинка ауылының, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының, Қостанай облысы Федоров ауданы Пешкова ауылының, Ақтөбе облысы Алға қаласының, сондай-ақ, Павлодар, Көкшетау, Атырау қалаларының тұрғындары Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, сол заматта тиісті жауаптарын алды. Жалпы, онлайн режімдегі бұл қабылдау кезінде азаматтар өздерінің жеке мәселелеріне байланысты және білім беру саласына қатысты көптеген сауалдар қойды. Ал өз кезегінде вице-министр тұрғындардың әрбір сұрағын мұқият тыңдап, ыждаһатпен жауап беріп отырды. Осы арада түсіндіре кетейік, «Партияға өтініш» акциясы ауыл тұрғындарына облыс орталықтарына бармай-ақ жергілікті пошта бөлім­шелері арқылы «Нұр Отан» партия­сының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін жеткізуге, сұрақтарын қоюға, сонымен бірге, мемлекеттік орган басшыларымен онлайн режімде байланысқа шығуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге де септігін тигізеді. «Нұр Отан» партиясы респуб­ли­калық қоғамдық қабылдау бөлмесі мең­ге­руші­сінің орынбасары Жұмажан Жүке­новтің айтуынша, аталған мүм­кін­дік партия мен «Қазпошта» ак­цио­нерлік коғамы арасындағы өзара әріп­тестік нәтижесінде жүзеге асырылуда. «2015 жылы 65 шалғайдағы пошта байланыс бөлімшелері арқылы азаматтарды қабылдау жүргізілген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі ұлғайта түсу жоспарда тұр», – деді Ж.Жүкенов. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы акция аясында алыстағы елді мекендердегі азаматтарды толғантқан түрлі мәселелерді қамтуға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, осы жоба арқылы халықты мемлекеттік орган­дардың атқарып жатқан жұмыстары жөнін­де ақпараттандыруға қол жеткі­зілуде. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».