• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

«Саламатты Қазақстан» сапары

296 рет
көрсетілді

Кеше Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде брифинг өткізіліп, онда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысы бойынша өз сапарын бастайтыны айтылды. Комитеттің ресми өкілі Р.Ю.Иманқұлов және «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ басқарма төрағасы Ғ. Т.Әб­діл- манов осы сапардың мән-жайын түсіндірді. Ақпанның 15-сі мен наурыздың 16-сы аралығында бір айды қамтитын сапар барысында пойыз Қарағанды облысының 19 стансасынан өтеді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосқан үш медициналық пойызының бірі. «Медициналық пойыздар» жобасы – бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына жоғары санатты медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін, ел тарихындағы теңдесі жоқ әлеуметтік жоба. 2010 жылы «Денсаулық» пойызы «№1 әлеуметтік-жауапты жоба» ретінде «Жыл таңдауы – 2010» ұлттық сыйлығының және «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы» – «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік бизнес байқауының жеңімпазы атанып, жұртшылық құрметіне ие болды. Медициналық пойыздар екі әлеуметтік маңызды міндетті шешуге, атап айтқанда, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге көмектеседі. 2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» меди­циналық пойыздары іске қосылды, олар шалғай­дағы стансалар мен шағын бекеттерге қызмет көрсетеді. Пойыздар қажетті барлық диагностикалық аппаратуралармен жарақталған және жоғары білікті 20-ға жуық медициналық кадрлармен жасақталған. Сондай-ақ, медициналық мамандар құрамы біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігер­лермен және орта буын медициналық қыз­меткерлермен қамтылған. 2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәр­дем» және «Саламатты Қазақстан» үш кон­суль­тативті-диагностикалық пойыздары 1 292 күн ішінде 137 482,5 шақырым жол жүріп, республика облыстарындағы 916 стансаның тұрғындары тексерілді. Медициналық пойыздардың маңыздылығы жыл өткен сайын артпаса, азайған емес. Осы жолғы сапарда дәрігерлердің тәулігіне 150-200 адамнан қабылдай алатын қауқары бар. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».