Ресейдің Якутия Республикасындағы Мирный ауданынан құны 100 миллион рубльге бағаланатын ірі көлемдегі алмас табылды. Ол «Юбилейная» деп аталатын трубка арқылы өндірілді. Кристалл №14 Айхал кен байыту комбинаты аумағынан алынды.
Ақшыл сары түсті бұл ірі лағыл тастың таза салмағы 121,96 карат тартады. Ол 31,28 х 30,00 х 28,57 мм көлемді октаэдр пішімінде болып шықты. Алмастың зергерлік тұрғыдағы сапасы «2 Black Sawables 3 colour» белгісіне ие. Ол барынша мөлдір, сарғыш белдеулі, перифериялық аймақтарына аздаған оливин мен графит-сульфид қосылған.
Сарапшылар кристалдың бағасын 1,5 миллион долларға бағалап отыр. Оны тапқан «Юбилейная» трубкасы бұрыннан осындай ірі көлемді асыл тастарға кезігіп тұратындығымен танымал. Ол 2015 жылы бұл жерден салмағы 50-ден 138 каратқа дейін баратын бірнеше кристалды тапқан болатын. Олардың арасындағы массасы 76,07 караттық алмасқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл» деген атау берілді. Ал ауқымы 64,73 карат тартқан келесі алмас «Ангола Республикасы тәуелсіздігіне 40 жыл» деген атаумен тарихта қалдырылды.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.