• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Бір кісідей қатысамыз

512 рет
көрсетілді

Біз Елбасы Нұр­сұлтан Назар­баевтың Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізіп, дағдарысты жеңуге ертерек кі­рісу рәсімін дұ­рыс деп санаймыз. Осыған орай, ауда­нымыздың Аса ауы­лында сайлауға белсенді атсалысуға шақырған акциялар басталып кетті. Осы ауылдың «Балдырған» балабақшасының тәрбиешілері «Біз сайлауды қолдаймыз!» атты акция өткізді. Шара барысында ұстаздар мен ата-аналар арасынан өнерпаздар суырылып шығып, әннен шашу шашып, би биледі. «Халықтың қалауын жерге тастамай, осындай шешім қабылдағаны үшін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығымыз шексіз. Сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауымызды жасаймыз. Ал сайлаудың әділ әрі ашық өтетініне сеніміміз кәміл. Ақбота НАРТБАЕВА, «Балдырған»  балабақшасының меңгерушісі. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы.