• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Ауылдықтар жұмысы ширақ

237 рет
көрсетілді

Алматыда «Ауыл» партиясы журналистерді жинап, 2015 жылғы қоғамдық қабылдау жұмыстарының нәтижелері туралы жариялады. Өткен жылдың қыркүйек айында «Патриоттар» партиясымен біріккен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы содан бері жұмысын ширата түсті. – Осыған орай кез келген азамат өзін мазалаған мәселесі мен ұсыныстарын бізге келіп, сұрақтарына толыққанды жауап алуға мүмкіндігі бар. Немесе бізге телефон арқылы да хабарласа алады. Одан бөлек, партияның ресми сайтында (www.auyl.kz) онлайн қоғамдық қабылдау бө­лімі бар. Оған да бүгінгі таңда тұрғындардың өтініші көптеп түсуде. Оның ішінде бізді қуантатыны – «Ауыл» партиясын қолдап, біздің партияның қа­тарына қабылдау туралы өті­ніштер көбеюде. Ауылдың әлеу­меттік, экономикалық жағ­дайын жақсарту, жер ресурс­тары мен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану арқылы экологиялық таза өнім алу туралы және жеке мәселелерге арналған хаттар да бар. Сонымен бірге, жұмысқа орналастыру туралы өтініштер мен еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты арыз-шағымдар басым, – деді брифингте «Ауыл» ХДПП Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапаров. Сонымен, өткен жылдан бері Алматы қаласы бойынша партияға өз шағымдарымен 40-қа жуық азамат келген. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағдайы туралы, бизнеске көмектесу, жұмысқа орналастыру, пәтер алу үшін тізімге тұруға, емделуге көмектесу, дүкендерде сатылып жатқан тауар­лар сапасының төмендігі немесе қолдану мерзімінің өтіп кеткені туралы мәселелер бар. Мәселен, осы шағымдардың ішінде партияның араласуымен өнер майталманы, зейнеткер Мәриям Қапесованың қыстағы суықта үйді жылытатын пешінің істен шығып қалуы, немесе қонымды бағамен экологиялық таза өнімді сатып отырған отыз арендатордың павильондарынан орынсыз шығарылуы, сол сияқты басқа да мәселелер дер кезінде шешімін тапқан. Партия «Жұмыспен қам­ту-2020» бағдарламасының орын­далу барысын қадағалау мақса­тында да қоғамдық бақылау жұ­мыс­тарын жүргізіп отырғаны айтыл­ды. Бұл маңызды міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін «Ауыл» партиясы өткен жылдың 8 жел­тоқсаны күні Қазақстан Респуб­ликасының Кәсіподақтар федерациясымен Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумды бекіткен. Бұл құжат партия бағдарламасын жүзеге асыруда және еңбек қарым-қатынастары саласында қоғамдық бақылау орнату жүйесін құруда үлкен маңызға ие. Айнаш ЕСАЛИ. «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.