• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Сайлауалды бағдарлама талқыланды

633 рет
көрсетілді

С.Мұқанов атындағы әмбебап кітапханада өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХIII конференциясы 130 делегаттың қатысуымен өтіп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты талқыланды. Ол жөнінде облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалының төрағасы Ерік Сұлтанов баяндама жасады. Ерік Хамзаұлы саяси ұйым Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партияның ең жоғары форумында нақты міндеттер қойғанын айта келіп, өңірдің әлеуметтік, экономикалық даму жоспарларымен бөлісті. Бес реформаны қалтқысыз жүзеге асыру– барша қазақстандықтар үшін басты талап. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шешімдері бесжылдық кезеңге арналған жаңа Сайлауалды тұғырнаманың негізгі өзегі болып табылады. Дағдарысқа қарсы тұрақтандыру шаралары облыста тиімді жүзеге асырылып келеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» аясында былтыр 27 мыңнан астам солтүстікқазақстандық, оның ішінде 15,2 мың адам жұмыспен қамту органдары арқылы еңбек ету мүмкіндігіне ие болды. 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. 2,4 миллиард теңге игеріліп, 5 мыңдай адам бағдарлама шараларымен қамтылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, табысы күнкөріс кірісінен төмен тұрғындардың үлесі 3,7 пайыз кеміді. Келешекте шағын және орта бизнесті дамыту, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік жағынан қолдау, денсаулық сақтау, бі­лім беру салаларындағы жаңа­шыл­дықтарды енгізу сияқты кең ауқымды жұмыстар жалғастырыла беретін болады. Өңір басшысы жер қойнауы байлықтарын игеруге ірі қаржы­герлер тарапынан үлкен қызы­ғушылық туып отырғанын жеткізді. Тайынша ауданында цирконий өндіруге шетелдік компания кіріссе, Есіл ауданындағы алтын кенін игеру технологиясы біршама түзетілді. Айыртау ауданындағы Сырымбет кен орнында қалайы өндіруге 2 миллиард теңге жұмсалды. Мұнда 600 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде 13 жоба қолға алынып, бұл мақсат үшін Ұлттық қордан 3,6 миллиард теңге қарастырылған. Конференцияда сөз алған «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Кәрібай Мұсыр­ман Қызылжар өңіріндегі демо­гра­фиялық жағдайды жақсартудың ерекше маңыздылығына жи­нал­ғандардың назарын аударды. Тұрғындар санының азаюына бай­ланысты соңғы үш жыл ішінде облыс республикалық бюджеттен жан басына қарай бөлінетін трансферт түріндегі қаражат берілмей қалған. «Астык Stеm» ЖШС директоры Сергей Звольский ауылдық жерлерде еңбек адамы үшін барлық мүмкіндіктер тудырылғанын айта келіп, елді мекендерді өркендетуге шақырды. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің мұғалімі Ирина Тухватулина білім саласындағы өрелі өзгерістерді алға тарта отырып, бүгінде 3 тілді білу заман талабы екенін айтты. Аталған білім ордасында оқушылар 4-5 тілді меңгеруге ден қойған. Конференцияны қоры­тын­дылаған Е.Сұлтанов, тұтастай алғанда, облыстың 2015 жылды табысты аяқтағанын, ендігі міндет Елбасы тапсырмаларын мүлтіксіз орындау болып табылатынын атап көрсетті. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.