• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Таразда Қазақстан Халқы Ассамблеясының жобасы басталды

442 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 17 ақпан. Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында Тараз қаласында «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру – қазақстандықтардың бірлігін нығайтады» атты тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жамбыл облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясы ауқымды жобаларының негізгісі. Бұл жобаны жүзеге асыру – қазақстандықтардың бірлігін нығайтады. Біздің өңірдің барлық аудандарында да аталмыш жоба бастау алды», дейді. Қазақстанның барлық аймақтарында «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасы өтті, оның аясында Жамбыл облысы бойынша 2859 адамға 1 348 909 263 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Сондықтан да, облысымыздың 10 азаматы қайырымды жандардың республикалық І съезінде жүлдегер атанып, «ҚХА жылының үздік қайырымды жандары» атанды. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz