• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

«Шахтер» командасы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

405 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 17 ақпан. «Шахтер» футбол клубы Түркияда өткен екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы жиынның қорытындысы бойынша клубтың жаттықтырушылары ақылдаса келіп, командада ойнауға құлшыныс білдірген төрт бірдей жаңа ойыншыны, атап айтқанда Фернандо Копете (Никарагуа), Осей Рэнсфорд (Гана), Руслан Кенетаев (қазақстандық жартылай қорғаушы) және Пепе (Португалия) сынды футболшыларды кері қайтарды. «Біздің командада бәсекелестік өте жоғары. Негізгі құрамда тек қана лайықты ойыншылар өнер көрсететін болады», – деп мәлімдеді клубтың атқарушы директоры Асқар Әбілдаев. «Шахтер» командасының үшінші оқу-жаттығу жиыны 17-27 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: «Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметі.