• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Оңтүстікте «Ерлікке тағзым» онкүндігі басталды

329 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 17 ақпан. Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен әкетілгеніне 27 жыл толды. Осыған орай Оңтүстікте «Ерлікке тағзым» онкүндігі басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Абай» паркіне жиналған азаматтар соғыста қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, Ауған соғысына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ауғанстандағы әділетсіз соғысқа 22259 жауынгер қатысса, соның 2269-ы оңтүстікқазақстандық. Мыңға тарта сарбаз сол соғыста қаза тапса, із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлер саны жиырмадан асады. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz