ШЫМКЕНТ. 17 ақпан. Шымкентте көлікті мас күйінде жүргізіп жол шетіндегі төрт адамды қағып өлтірген азамат 9 жылға сотталды деп хабарлайды «egemen.kz» тілшісі.
Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында бір отбасының қуанышын қайғыға айналдырған Мұрат Тәнкеевке прокурор осынша жыл сұрады.
Алайда, жәбірленуші тарап тоғыз жылын қоныс колониясында өткізетін азаматтың алған жазасына келісіп отырған жоқ.
«Біз айыпталушыға 9 жыл бергенімен келіспейміз. Иә, Мұрат Тәнкеев сотта өзінің кінәсін мойындады. Бірақ, оның көзінен өзін бір үйден төрт адамның өліміне себепкер ретінде сезінгені байқалмады. Енді біз бұл үкімге қарсы қайта шағымданамыз», дейді жәбірленуші отбасының адвокаты Гүлжазира. Мыңбаева.
Бақтияр Тайжан.
Дерек: egemen.kz
Сурет: otyrar.kz