ШЫМКЕНТ. 17 ақпан. Орыс православ шіркеуінің Шымкент епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Оңтүстік өңіріне орыс православ шіркеуінің митрополиттік округының басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр іс-сапармен келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Іс-сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбекпен кездесті .
Бүгінде облыста 11 конфессияға енетін 853 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Соның ішінде, православтық бағытта 18 діни бірлестік болса, исламдық бағытта 790 мешіт бар.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz