• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Оңтүстікте кәсіпкерлік мектебі көмек береді

409 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 17 ақпан. Кәсіпкерлік мектебі өз бизнесін ашамын деген азаматтарға мол мүмкіндік ұсынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мектепте кәсіпкерлік негіздері, тақырыптық семинар-тренингтер оқу курстарын өткізіп және өндірістік немесе шаруа қожалық аймақтарында тәжірибелік мастер-класстар ұйымдастырады. Жалпы оқу мерзімі 10 күн, оның 2 күні тәжірибелік мастер-класстар. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласында оқу курсын сәтті аяқтағандарға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулықтар, Кәсіпкерлік мектебінің түлектеріне орыс және мемлекеттік тілдерінде авторлық «Шаруа жолсерігі» технологиялар жиынтығы кітабы мен «Кіші бизнеске 100 идея» атты бизнес-жоспарлар жиынтықтары беріледі. Сондай-ақ, оқу курсын аяқтағанын растайтын сертификат тапсырылады. Аталған Кәсіпкерлік мектебінің сертификаты, «Ырыс» МФҰ -нан төмен пайызды микронесие алуларына толық мүмкіндік береді. Биылғы  жылдың басынан оқу курсын өтуге облыс бойынша 500 – ден астам адам өтініш тапсырған болса, 8 ақпаннан бастап 230 адам оқуды бастап кеткен. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz