• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Сыр өңірінің жалпы өндірістегі үлесі үш жылда үш есеге артты

364 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. Дағдарысқа қарамастан қабылданған жан-жақты шаралардың арқасында Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу секторы өсіп отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуінде айтқан ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған негізінен азық-түлік, химия және металлургиялық өндірістің артуы септік етті. Сыр еліндегі аталған көрсеткіштің өсімі 2013 жылдан бері тұрақты жалғасып келеді. Оның жалпы өндірістегі үлесі 3 жылда 3 есеге өсті. Өткен жылы облыста жалпы құны 84,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өңдеу секторындағы инвестиция көлемі 3,4 есеге артты. Бір сөзбен айтқанда, бұл аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің айқын дәлелі. Ержан Байтілес. Дерек, сурет:egemen.kz