• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Зика ауруы - қолдан жасалған кесел

688 рет
көрсетілді

Сараптама Жыл басталысымен Зика вирусы әлемнің 26 еліне жайылып үлгерді. Бұл вирустың синтезделген жасанды екендігін ә дегеннен Ресейдің бұрынғы бас санитар дәрігері Геннадий Онищенко айтқан еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қос бәсекелес держава АҚШ пен Кеңес Одағының биологиялық қару жасап жанталасқаны мәлім. Бұған дейін масадан тарайтын безгек пен малярия сияқты дерт түрлерінің болғандары белгілі. Африкадан 1947 жылы Зика вирусына шалдыққан оқиға тіркеліп, жаһан жұртшылығы мұндай аурудың бар екендігін сонда білген. Одан кейін аурудың өзі де, атауы да ұмыт болған. Осы кезде неше алуан кеселді ойлап табумен АҚШ-тың ATCC, Ұлыбританияның LGC Standards компанияларының шұғылданғаны жасырын емес. Әлі күнге әлемнің 20 мемлекетіндегі зертханаларда аталған алпауыт елдердің 5 мыңдай қызметкері жұмыс жасайды деседі. Енді араға жылдар салып, тағы бір сынақ жүргізуіне не себеп болды екен? Қашаннан одақтас АҚШ пен Батыс бірігіп, бірі Таяу Шығыстан босқан босқындардың жолын бөгесе, екіншісі Оңтүстік Американы Қытайдан оқшаулау саясатын жүргізгенге ұқсайды. Осы жылы Германия 800 мың босқынды қабылдайды деп күпінген Меркель өткенде бекер мінез көрсетті. Түркияға арнайы сапарлап, ел премьері Ердоғанға «Шекараңды жап, босқындарды тый», – деп дүрсе қоя берсін. Бұдан бұрын Еуроодақ Сириядан 3 миллиондай келімсек келерін жоспарлап, орталай 3,5 миллиард доллар бөлуге келіскен. Әйтсе де бәрі іске келгенде іркілді. Бүгінгі күні Еуропаның жайы белгілі. Мұншама қаражатты айтпағанда өз елдерінде кәсіпсіз жүргендердің қарасы қаншама! Жерорта теңізін кесіп өткендердің 60 пайызы еңбекке жарамсыз балалар мен әйелдер екен. Дәл осы кезде Зика вирусы қозды емес пе? Оңтүстік Америкада да вирус күннен-күнге өршуде. Халқы 200 миллионға жуықтайтын Бразилияда Зиканы жұқтырғандардың саны биыл 1,5-2 миллионға жететін көрінеді. Жақында елдің денсаулық сақтау министрі жүкті әйелдерге АҚШ-тан сатып алынған ВИЧ-ке қарсы вакцинаны еккеннен соң індет жайлағаның мойындады. Осы аптада Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебінше, жыл соңына дейін бұл материктегі 4 миллион тұрғынды аталған кесел дендейді екен. Оңтүстік Америка мемлекеттері соңғы кезде Аспан асты елімен арадағы алыс-беріс артып, Қытай алдағы онжылдықта 250 миллиард доллар инвестиция салуға құлықты. Бразилияның бір өзіне 50 миллиард доллар қаржысын ала келмек. АҚШ та аймақтағы үстемдігінен айырылмас үшін аянбасы анық. Инвесторларды үркітпекке зика вирусын таратқаны да сондықтан. Ағылшын тілінен тәржімалаған Шарапат Әбдірахман. Сурет: amic.ru.