• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2016

Сыр өңірінде спортпен тұрақты айналысушылар 25,3 пайызға жетті

377 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 ақпан. Қызылорда облысында спортты дамыту мақсатында жаңа нысандардың қатары артып келеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп берген кезде айтқан ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылдың өзінде ипподром, «Бокс» орталығы, Қазалы ауданындағы Әйтеке би, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде спорттық-сауықтыру кешендері мен Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов елді мекеніндегі стадион пайдалануға берілді. Нәтижесінде спортпен тұрақты шұғылданушылардың саны 25,3 пайызға жетті. 66 спортшыға, оның ішінде 10 мүгедек спортшыға стипендия төлеу үшін облыстық бюджеттен 69,5 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы жоғарғы шеберлік деңгейіндегі спортшыларды дайындау мақсатында 227 оқу-спорттық жиындар өткізіліп, оған 2417 спортшы қатысты. 278 халықаралық, республикалық жарыстарға облыстың 2468 спортшысы қатысты. Қазақстан чемпионаттарында облыс спортшылары 165 алтын, 138 күміс және 221 қола медальдарды иеленсе, Азия және әлем чемпионаттарында 23 алтын, 11 күміс, 19 қола медальды жеңіп алды. Қазақстанның ұлттық  құрама командаларына облыстың 306 спортшысы кірді. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz