• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2016

ЕҚЫҰ миссиясының басшысымен кездесті

206 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлекпен кездесті. Орталық сайлау комис­сиясының басшысы Қ.Тұрғанқұлов Б.Фрлекті Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлауға дайындық жөніндегі жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, ол Орталық сайлау комиссиясының және сайлау органдарының жалпы ағымдағы іс-шаралары туралы айтып берді. «Қазіргі уақытта Ортсайлауком барлық қажетті кадрлық, мате­риалдық және қаржылық рес­урс­тармен қамтылған және сайлау­ды өткізуге дайын. Барлық дең­гейдегі сайлау комиссиялары толықтырылған және ол жұмысқа әзір отыр. Сонымен қатар, біз сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау үдерісіне қатысушыларды оқыту, сайлаушылар тізімдерін жандандыру және түзету жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз. Ортсайлауком төмен тұрған сайлау комиссияларын тиісті құралдармен, сондай-ақ, баспа, дыбыс және бейнематериалдармен қамтамасыз ете отырып, оларға қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетуде», – деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін, ҚР ОСК тарапынан көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және Миссия сарапшылары жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып берді. Кездесу барысында, сондай-ақ, партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, үгіт науқанын өткізу шарттарына, дауыс беру күнінің сайлау рәсімдері мен сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты мәселелер талқыланды. Ортсайлауком басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының сарап­шыларына сайлауды бай­қауда табыс тіледі. «Біз ынтымақ­тастыққа дайынбыз және байқау миссияларының қатысуын ал­дағы сайлауда жариялылық, транс­паренттік, ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге, сайлау үдері­сінің барлық қатысушылары тарапынан сайлауға сенімін арттыруға ықпал етеді деп қарастырамыз», – деді ол. Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау және құқық мәселелері жөніндегі мамандары қатысты. Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.