АСТАНА. 18 ақпан. Украинада тұмау ауруынан 313 адам қайтыс болды. Сондай-ақ, 3,8 миллион адам осы сырқатпен ауыратыны анықталды. Бұл туралы gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Эпидемиялық маусым басталғалы бері тұмау ауруынан барлығы 313 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың арасында 17 жасқа дейінгі 5 бала және де аяғы ауыр 2 әйел бар», – делінген хабарламада.
Аталған сырқаттан Одесса облысында 40 адам, Киев қаласында 37 адам, Черкасс облысында 22 адам, Донецк қаласында 24 және Львов қаласында 18 адам қайтыс болды.
Осыған дейін 246 адамның көз жұмғаны хабарланған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: gazeta.ru.
Сурет: gorod-uspeha.com.