• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2016

Көкейкесті мәселелер қозғалды

320 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Қа­зақстан Республикасы Пре­мьер-Министрінің бір­інші орын­басары Бақыт­жан Сағын­таев бейнеконференция пішімінде Ресей Федера­циясы Үкі­меті төрағасының бірін­ші орынбасары Игорь Шува­ловпен келіссөз жүр­­гізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің бас­пасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-эко­но­микалық қарым-қатынастар жағ­дайын, өнеркәсіп, ауыл ша­руа­шылығы, көлік тран­зиті және ақпараттық-ком­му­ни­кациялық салалардағы ынты­мақ­тастық жағдайларын талқылады. Келіссөз барысында, сондай-ақ, мұнай мен газды тасымалдау, электр қуатын өзара жеткізіп беру, монополияға қарсы реттеу мәселелері де талқыланды. Оның сыртында Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі көкейкесті мәселелерді де қарастырды.
Соңғы жаңалықтар