АСТАНА. 21 ақпан. АҚШ-тың Луизиана штатындағы түрмеде жазасын өтеп, 43 жыл бойы бір кісілік камерада қамауда отырған адам бостандыққа шықты. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Альберт Вудфокс есімді афроамерикалықты 1972 жылдың сәуірінде түрмеде болған бүліктен кейін жалғыз адамдық камераға қамау туралы үкім шығарылған. Аталған бүлік салдарынан түрме күзетшілерінің бірі қаза тапқан болатын.
Вудфоксты біресе күзетшінің өліміне кінәлі деп таныса, енді бірде оның жазығы жоқ екені анықталып, бұл іске қатысты соңғы шешім шығару ұзаққа созылған. Алайда, оны 2х3 метрлік камерадан шығару туралы сөз қозғалмаған. Соның салдарынан 43 жыл бойы тәуліктің 23 сағатын аталған орында өткізген Альберт Вудфокс күніне бір сағат қана таза ауа жұту үшін жан-жағы биік бетон дуалмен қоршалған аулаға шығарылған.
Алғашында Альберт Вудфокс қару қолданып, тонағаны үшін түрмеге отырғызылған екен. Сондай-ақ, ол афроамерикалықтардың құқын қорғаған «Қара қабылан» («Черная пантера») радикалды ұйымының негізін қалаушылардың бірі саналды.
The Guardian басылымының хабарлауынша, Вудфокс АҚШ түрмелеріндегі бір кісілік камерада отыру мерзімі бойынша рекорд жанартқан.
Еламан Қоңыр.
Дерек: BBC.
Сурет: ntv.ru.