• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2016

Сирияда жарылыс салдарынан 80 адам қаза тапты

303 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 ақпан. Сирияның Дамаск, Хомс қалаларында болған бірнеше жарылыстан 80-нен астам адам қаза тауып, ондаған тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дамаск қаласына таяу маңайда бір уақытта төрт жарылыс болды. Салдарынан  30-ға жуық тұрғын мерт болды. Ал Хомс қаласында автотұрақтағы жергілікті университеттерге арналған микроавтобус жарылып, 57 адам көз жұмды. Сондай-ақ, жүзден астамы түрлі жарақат алды. Дамаск қаласы лаңкестер жиі шабуылдайтын қалалардың бірі. Соңғы рет 31 қаңтарда бұл қалада 70 адам құрбан болып, жүзге жуығы түрлі жарақат алған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ria.ru.