• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2016

Дат футболшысына Mercedes көлігімен суретке түскені үшін айыппұл салынды (фото)

309 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 ақпан. Германияның «Вольфсбург» футбол командасының басшылығы осы клуб пен Дания құрамасының ойыншысы Никлас Бендтнерге Mercedes көлігінің қасында суретке түскені үшін айыппұл салды. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Дат футболшысы өзінің жеке S класты Mercedes көлігінің қасында суретке түсіп, оны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына салған. Тіпті, суреттің астына «Жаттығуға бара жатырмын» деп жазып та қойған екен. Спортшының бұл әрекеті «Вольфсбург» командасының талаптарына қайшы болып саналады. Себебі, клубтың барлық қызметкеріне тағы бір неміс автоконцерні Volkswagen-нің көліктерінен басқа көліктермен жұрт көзіне түсуге тыйым салынған. Ал Volkswagen концерні осы клубтың ресми демеушісі екендігі белгілі. «Вольфсбургтің» спорт істері жөніндегі директоры Клаус Аллофс футболшыға айыппұлдың салынғанын растады. Алайда, ол оның көлемі туралы нақты мәлімет берген жоқ. Айта кетейік, биылғы маусымда Бендтнер «Вольфсбург» сапында 21 рет алаңға шығып, 4 гол соқты. Еламан Қоңыр. Дерек: eurosport.ru. Сурет: sport-xl.org.