АСТАНА. 22 ақпан. 30153 әскери бөлімінің жеке құрамы Ақтау қаласында ұшу жаттығуларын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Армияшы ұшқыштар Ми-8 тікұшақтары мен 4-ші үлгідегі Су-27 ұшақтарында жаттықты. Берілген тапсырмаларға байланысты әскери қызметшілер әртүрлі жаттығуларды, яғни, ұшу, қону, пилотаж аймақтарындағы іс-қимылдарды пысықтады.
«Оқу-жаттықтырулар оңай болған жоқ. Ұшқыштар күндіз-түні аптасына құрам кем дегенде үш рет ұшып жаттықты. Оқу-жаттығуларға Әуе қорғанысы күштеріӘскери институтының курсанттары қатысты. Олар екінші курстан бері оқу-жаттғуға қатысып келеді. Ұшқыштардың психологиялық және дене даярлығы да аса маңызды. Сондықтан ұшу алдында олар міндетті түрдегі медициналық тексеруден өтеді», деді Әскери-әуе күштері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев.
Ұшқыштар оқу-жаттығу базасында жаттықты.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.