• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2016

Жамбыл облысында комбайн шығарылатын болады

363 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 22 ақпан. Жамбыл облысының Шу ауданында комбайн құрастыру ісі қолға алынбақ. Бұл Беларусь елінің «Лидагропроммаш» компаниясының арқасында жүзеге асады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімі аппаратының мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Абдалы Тоқбергеновтың ақпары бойынша egemen.kz і хабарлады. «Өткен аптада Астанада болып, Шу ауданында комбайн құрастыру ісін қолға алу бағытында бірқатар келісім-шарттарға қол жеткіздік. Еліміздің ауылшаруашылығы министрі және басқа да тиісті мекеме басшыларымен кездесіп, нәтижесінде олар бұл бастаманы толық қолдап отыр» деді облыс әкімінің орынбасары Абдалы Тоқбергенов. Комбайн құрастыру ісі Жамбыл облысы мен Беларусь Республикасының Гродненск облысының арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде жүзеге асып отыр. Зауыт биылғы жылдың өзінде 100 дана комбайн шығаруды жоспарлауда. Және бұл комбайндарды «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруаларға лизингке беру мәселесі қарастырылуда. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz