• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
22 Ақпан, 2016

Жамбыл облысындағы зауытта 100 адамға жұмыс орны ашылады

248 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 22 ақпан. «Жамбыл гипс» АҚ өңірде құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.  Бұл туралы «Zhambylnews» сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан кәсіпорын қосымша 100 жаңа жұмыс орнын ашады. Сонымен қатар өнім көлемін 5 есе арттыруға қол жеткізбек. Дайын өнімнің 40 пайызын экспортқа шығарады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жергілікті мекемелермен мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz