ШЫМКЕНТ. 22 ақпан. Облыс әкімдігінің бастамасымен шығып келе жатқан «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 311 томы жарық көрді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспанасынан жарық көріп жатқан, тарихи жинақтың негізгі жинақтаушысы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов.
«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының редакция алқасының төрағасы Мекемтас Мырзахметов: «Біздің мына кітапты шығарудағы мақсатымыз, біздің қабат-қабат тарихи саналарымыз болған. 30 жылдары бізге латын әліпбиіне көшеміз деген заң шықты. Сол кезде қазақтар қорыққандарынан қолдарындағы арапша жазылған дүниелерін жоғалтты. Сол деректеріміз қазір шет елдерден табылып жатыр. Қазақстанда екі жерде ғана табылды. Бірі Жамбыл облысы болса, екіншісі осы оңтүстікте.
Кітаптың екінші томы ертегілерге, тағы бір томы майданнан келген хаттарға арналған. Айталық, әйгілі фольклорист әрі этнограф Әубәкір Диваев пен Ташкент мұғалімдер семинариясының оқытушысы болған Я. Люшьтің бұрын баспа бетін көрмеген ертегілері алғаш жарияланған. Сондай-ақ, бұл еңбекте күнгей өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштері, табиғаты, экономика да жан-жақты қамтылған», дейді.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz