• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Көлікті айфонға айырбастамақ

276 рет
көрсетілді

Өскемендік Евгений Кру­шинский таяуда танымал сайт­тардың біріне автокөлігін сататыны немесе айырбастайтыны туралы хабарламаны орналастырды. Зауыттан 1989 жылы шыққан «Запорожец» көлігінің иесі мүлік құнын 160 мың теңгеге немесе iPhone 5s маркалы телефонға бағалағаны жазылған болатын. Бүгінде сирек кездесетін кө­лікті Евгений екі жыл бұрын Рид­дер қаласынан сатып алыпты. Ай­туынша, автокөліктің түрі адам көргісіз аянышты халде болған. – Мұндай көлікті бала күнім­нен армандадым. Сон­дық­тан, риддерлік зейнеткердің «Запо­рожецін» сататынын ес­тігенде, ойланбастан бардым. Көлікті өзім жөндеп, тәртіпке келтірдім. Қала ішінде бірнеше мәрте жүрдім. Адамдардың назары бірден ауады. Көшеде дабылдарын басып, күліп, тіпті, фотосуретке де түсіп жатады. «Запорожецім» осы уақытқа дейін бірнеше кәсі­би фотосессияларға қатысып үлгерді, – деді ол. Ал көлікті сату туралы шешімге әйеліне сыйлық жасау үшін келгенін айтады. Келіншегінің соңғы үлгідегі телефон алғысы келетінін жеткізген ол оған ақша шығындамай-ақ «Запорожецке» айырбастап алуды жөн көрген. Жарнама ілінген соң хабарласушылар да аз болмаған. Жастар мен оқу­шылар төмен бағаға қызықса, көне көлік коллекционерлері уақыт өте құны арта түсетінін білгендіктен қоңырау шалады. Алайда, орталық қалалардағы көне көлік жинаушылар үшін қазір бір қаладан бір қалаға көлік тасымалдайтын маусым емес. Женя да көлікті сатуға асық­пайтынын айтады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.