• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Оңтүстіккореялық дәрігер тәжірибесімен бөлісуде

483 рет
көрсетілді

Өңірде Батыс Қазақстан аймағының және Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластер құрудың қадамдары жасалуда. Бұған дейін Түркия, Ресей, Израиль елдерінің денсаулық сақтау саласы өкілдерімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын. Жақында мұндай келісім Оңтүстік Корея мемлекеті өкілдерімен де жасалды. Осы ынтымақтастық меморандумы аясында облысқа келген Оңтүстік Корея клиникасының профессоры Чангом Хэнгом Сеоко екі күнде ұйқы безі ауруына шалдыққан 6 науқасқа ота жасады. Жасалған оталар сәтті шықты. Ол ота жасаумен бірге, ауруларды қабылдап, кеңес берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, шеберлік сыныбын өткізу барысында әртүрлі ауруларға шалдыққан 60 адамды қараған. Хирург Чанг Хэнг Сеоконы қабылдаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі таңда өңірде медициналық кластерді құру орайындағы басты міндет білікті медицина кадрларын даярлау болып отырғанын, бұл мәселеде Оңтүстік Корея дәрігерлеріне үлкен үміт артылатынын жеткізді. Ол сондай-ақ, ақтөбелік дәрігерлердің Чанг Хэнг Сеоко сынды кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың тәжірибесі мен білімінен үйренулеріне мүдделі екенін атап өтті. Чанг Хэнг Сеоко өз кезе­гінде көрсетілген сенім үшін риза­шылығын білдіріп, ақтөбелік дәрігерлермен тәжірибесін бөлісуге әрқашан дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында өңір басшысы Азия – Тынық Мұхит аймағының жетекші ғалымдарының қатысуымен осы жылы облыста ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді ұсынды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.