Жалпы кәсіпкерлерді қолдау, соның ішінде жастар кәсіпкерлігін дамыту – Елбасы Н. Назарбаев ұдайы көтеріп жүрген келелі мәселе. Сондықтан да бұл жайға жіті көңіл бөлініп келеді. Байқаудың түпкі мақсаты да сол, жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңінен қолдау, оларға бағыт-бағдар беріп, жол көрсету.
Аталмыш жобаны ұйымдастырушылар: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» және «BI Group» холдингтері, «Даму» қоры, «Atasu Group of Companies» және «Sheberbuild» компаниялары. Бас демеуші – «Сбербанк».
Сонымен, байқау жеңімпаздары өздерінің бизнес-жобаларын дамытуға 30 миллион теңгеден астам грантқа ие болды. Атап айтсақ,
І орынды астаналық Әділет Елеусов жеңіп алды. Бизнес-идея – оқушыларға арналған қызықты зертхана құру. Гранттың жалпы сомасы 10 миллион теңге.
ІІ орын – Талдықорған қаласынан келген Елдос Баялышбаевқа бұйырды. Бизнес-идея – Алакөл көлінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пансионат ашу. Гранттың жалпы сомасы 8 миллион теңге.
Ал, ІІІ орын иесі павлодарлық Бахтыгүл Қасымова. (Бизнес-идея – шыныдан жасалған бұйымдарды қайта өңдеу және өндіру. Гранттың жалпы сомасы 5 миллион теңге.
Айтылған жеңімпаздардан басқа, «Startup «Bolashak» байқауының қалған 7 қатысушысына жобаның серіктестері («Bi-Group», «Atasu Group of Companies», «Sheberbuild») ұсынылған бизнес-идеяларды дамыту үшін 500 мың теңгеден бастап 2,5 миллион теңгеге дейін ақшалай қаражат берді.
Келешекте байқаудың екінші маусымын өткізу жоспарланып отыр.
Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА,
журналист.