• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Ақтөбеде қан тапсыру қайырымдылық шарасы өткізілді

332 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 23 ақпан. Ақтөбе қаласындағы «Өрлеу» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мейірімділік күніне орай «Донор күні» қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл туралы «Керекинфо» басылымына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Шараға курс тыңдаушылары және профессорлық-оқытушылық құрам, филиал қызметкерлері белсене қатысты. Әдеттегідей әуелі донор болатын адамның қан тобы, гемоглобин мөлшері, антигені экспресс зерттеулер арқылы анықталады. Талапқа сай болса, қант қосылған шай беріледі. Сосын барып әр адамның денсаулық көрсеткіштеріне қарай 350-450 миллилитр шамасында қан алынады. Ал донорға сол күні түскі ас ішуге бір реттік 0,25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы беріледі. Аталмыш институттың баспасөз хатшысы Айсәуле Айпейісованың айтуынша, курста 106 тыңдаушының 50-60-ы шараға қатысып, қан тапсырған. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: «Керекинфо».