• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2016

Қостанайда көктемгі су тасқынына қызу дайындық басталды

368 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 23 ақпан. Мамандар көктемгі су тасқыны облыстың оңтүстік аудандарында шамамен наурыз айының 22-25-нен басталып, сәуір айының 21-не қарай аяқталады, солтүстік аудандарда сәуір айының басынан аяғына дейін созылатынын айтып отыр. Осыған орай облыста су тасқыны зардаптарының алдын алуға байланысты қызу дайындық  жұмыстары басталып кетті. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылдың қараша айы мен осы жылдың қаңтары аралығында түскен қардың көлемі 99 милиметр болды. Облыс бойынша жауған қардың биіктігі 34 милиметрді құрайды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда бір жарым есеге көп. Қар суының көптігі де бұрнағы жылдарға қарағанда екі есе көп. Алайда төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы, подполковник Орынқыз Меңдібаеваның айтуына қарағанда, судың тасуы қардың түсуіне емес, оның қалай еруіне байланысты. «Қалың қар жабыны өзендегі су деңгейінің жоғарғы көрсеткіші емес. Егер күн бірден жылып кетсе, қардың еруінен су молшылығы болады, ал түнде қатқақ болып, қар күндіз ғана ерісе онда судың көп болмауы мүмкін», – деді төтенше жағдайлар басқармасы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы, подполковник Орынқыз Меңдібаева. Облыста көктемгі су тасқынының жайылма су жолында 1840 тұрғын үй мен 7918 адам, 35 автожол учаскісі, 17 электр тогын беру сызығының учаскесі, Әулиекөл, Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Жітіқара, Жангелдин, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Науырзым, Сарыкөл, Таран және Ұзынкөл аудандарындағы 49 елді мекендер, сондай ақ, Лисаков пен Арқалық қалалары қалып тұр. Су тасқынының алдын алу үшін аймақтың елді мекендерінде қар шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбіліктер өткізіліп, департамент қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өздеріне қарасты аумақтарды қардан тазарту қажеттілігі жайында түсінік жұмыстарын жүргізеді. Ақпан, наурыз айларында аймақты әуеден барлап ұшуды, өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу ауа райына қарай сәуір айының бірінші немесе екінші онкүндігіне жоспарланып отыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.