Елеуовтер отбасы Қазығұрт ауданынан Шымкентке көшіп келгеніне екі жыл болған. Тағдырдың маңдайға жазғаны шығар, үйдегі бес баланың үшеуі сал ауруымен ауырады. Әйелінің оларды күтуге шамасы жетпегеннен кейін Әлихан Елеуов жұмысын тастап, өздігінен жүре алмайтын балаларына жәрдемші болған.
Әу баста балаларына медициналық көмек алу мақсатында қалаға қоныс аударғанымен, отбасының тұрақты үй-жайы жоқ, пәтер жалдаған. Оның үстіне, ошарлы жанның азық-түлігі, түрлі қам-қарекеті бар, қатты тарыққаны рас.
Жақында Елеуовтер үлкен қуанышқа кенелді. Алматылық кәсіпкер әйел оларға төрт бөлмелі үй сыйлады. Шын қайырымды адам біреуге жасаған жақсылығын дабыра қылмайды. Жомарт кәсіпкер әйел де өзінің аты-жөні аталмауын өтініпті.
Шымкент – үлкен мүмкіндіктердің қаласы. Медициналық жағдайы жақсы. Бауыр, бүйрек сияқты нәзік дене мүшелеріне трансплантация жасаудан облыстар арасында алғашқы орында.
Алла сәтін салып, керуетте жатқан үш бала ауруынан айығар. Айналаңда мұңыңды бөлісетін қайырымды адамдар бар кезде бәрі де мүмкін.
ШЫМКЕНТ.