• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2016

Сайлауға коалиция ретінде қатысуда

340 рет
көрсетілді

Кеше Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлері «Біз неге сайлауға баруға тиістіміз?» тақырыбында азаматтық тыңдау өткізді. Партияның сайлауалды штабының төрағасы Асхат Рахымжанов өз сөзінде күн тәртібінде екі мәселе бар екендігін, басқосуды екінші мәселеден бастауды жөн көріп отырғандығын жеткізді. Біз сайлауға қатысушы кез келген саяси партиямен пікірсайысқа түсуге әзір екендігімізді мәлімдейміз, деді Асхат Нұрмағамбетұлы. Мәжіліс депутаттығынан үміткер Уәлихан Қайсаров сайлау кезінде сая­си партиялардың тұғырнамалары жұртшылықтың қызығушылығын тудыратынын айтты. Билікке ұмтылған саяси партиялардың бағдарламасынан хабардар болу заңдылық. Қазақстандықтардың бұл жағынан белсенділігі жоғары. Ашық пікірталастың болуы бұқараның да ықыласын тудырады. Сондықтан біз кез келген түрдегі, кез келген тақырыпқа орай пікірталасқа дайынбыз, деді ол. Одан әрі қарай шешендер азамат­тық тыңдаудың күн тәртібіндегі бірін­ші мәселе – «Біз неге сайлауға бару­ға тиіс­тіміз?» деген тақырып аясын­дағы әң­гімеге ойысты. Мәжіліс депу­тат­тығынан үміткер Жанкелді Шымшықов: «Біздің партия сайлауға жеке өзінің мү­ше­лері арқылы ғана қатысып отырған жоқ. Ұлттық азаматтық жиналыспен коа­ли­ция ретінде, яғни «Желтоқсан» қоры, «Парламентаризм» қоры, «Семей поли­гон» қоры, қысқасы, 10 азаматтық бірлес­тікпен бірге коалиция ретінде қатысу­да. Жалпыұлттық социал-демо­кра­тия­лық партия осылайша азаматтық қоғамды қалыптастыратын үкіметтік емес ұйымдарды өз партиялық тізімі қатарына қосып, ауқымды іске бастамашы болды», деді. Ж.Шымшықов одан әрі қарай эко­­но­микалық дағдарысқа қатысты өз тұжы­­рымдарын ортаға салды. Бүкіл­әлемдік банктің болжамдарына сүйене отырып, 2016 жылдың экономикалық ахуа­лына тоқталды. Әлемдегі эконо­микалық өсім орташа алғанда 3 пайыз­дың төңірегінде болады деп болжанып отыр. Ал Үндістан, Қытай, Еуропа елдер­індегі экономикалық өсімнің баяу­лағаны да белгілі. Көршіміз Ресейде экономикалық көрсеткіш төмендейтінін жеткізді. Украи­наның да жағдайы мәз емес, мешін жылы, Әлемдік банктің бол­жамына қарағанда, Қазақстан эко­номи­касы үшін де жайлы жыл болмай­тын түрі бар. Ұлыбританияның, АҚШ-тың беделді сарапшыларының пікірі­не қарағанда, 1998 жылдан кейін ал­ғаш рет Қазақстан экономикасының өсімі тө­мендейтін көрінеді. Сөзінің соңында ол қалыптасқан экономикалық дағдарысқа байланысты ел үкіметі нақты шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.