«Мәңгілік Ел» пойызы Өскемен, Зырян, Шар қалаларында және тағы басқа да елді мекендерде болғаннан кейін Семейде аялдады. Семейге пойызбен келген 100-ге жуық түрлі сала мамандары тұрғындарға арнайы көмек көрсету бағытында бірден жұмысқа кірісті.
Ел игілігіне қызмет етеміз деген құрметті қонақтарды салтанатты марш ойнаған оркестрмен жергілікті атқарушы билік өкілдері, теміржолшылар, зиялы қауым жылы қарсы алды. Ақ кимешек киген әжелер шашу шашты, ізгі қадам тіледі. Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова өз сөзінде пойыздың сапары өте маңызды екендігіне тоқталды:
– Құрметті қала қонақтары, қадірлі жерлестер! Бүгін біз «Мәңгілік Ел» пойызын Семейде қуана қарсы алып отырмыз. Нұрлы Жолды бағдар етіп, Мәңгілік Елдің іргесін қалауда мұндай әлеуметтік-патриоттық шараның берері мол. Абай мен Шәкәрімнің еліне қош келдіңіздер, – деді қала әкімінің орынбасары.

Жиналған қауым алдында «Мәңгілік Ел» пойызының штаб жетекшісі, танымал қоғам қайраткері, тарихшы, жазушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов сөз алып, еліміздегі татулық пен бірлікті ту еткен әлеуметтік-патриоттық акция қатысушылары атынан семейлік жұртшылықтың ықыласына алғыс білдірді:
– Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толады, – деді Ә.Әлпейісов. – Елбасының Мәңгілік Ел ұлттық идеясын ту етіп, осынау әлеуметтік-патриоттық акцияны ұйымдастыруда бірнеше мақсат көзделді. Соның бірі жер-жерлерде жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып, қоғамымызды нығайтатын шараларды жандандыру болатын. Бүгін Семейге атбасын тіреп отырмыз. Ұлылар еліне үлкен толқыныспен аяқ бастық. Сіздерге Астананың ыстық сәлемін әкелдік. Келудегі мақсатымыз биылғы жылдың тарихи жыл екендігін халыққа кеңінен түсіндіру. «100 нақты қадам» бағытында ерінбей еңбек етіп, елге қызмет етуге ұмтылу.
Республикалық акция бағдарламасы түрлі шараларға толы болды. Семейде әлеуметтік пойыз қонақтары №6 емхана мен теміржол ауруханасында болды. Соның арқасында тұрғындар білікті медицина қызметкерлерінен ем-дом қабылдауға мүмкіндік алды. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Назарбаев зияткерлік мектебінде ақпараттық кеңестер берді. Сөйтіп, қала тұрғындары түрлі ақпараттарға қанықты. Ал қаладағы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері сөз болды. Ал Достық үйінде ұлттар достығы туралы келелі әңгіме қозғалды.
Абай кітапханасына атбасын тіреген халық «Тәуелсіздік тарихы – ұлт рухының өлшемі» бағытында дәріс тыңдады.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.
Суреттерді түсірген автор.