• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Еңбек ардагеріне ерекше сый

495 рет
көрсетілді

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ке­зінде кәсіпорында жұмыс істеген еңбек арда­герлерін ұмытпайды, олардың мерейтойларын атап өтуді дәстүрге айналдырып келеді. Қашанда қарттарға құрмет көрсетуді алғы кезекке қоятын   іргелі кәсіпорын Қаратаудай қазы­налы, Алатаудай асқақ рухты қарттарына сый-сия­пат жасауды биыл да естен шығармады. Ардагерлер ке­ңесінде есепте тұрған 710 зей­неткердің бәріне де сыйлық таратылды. Ал, кәсіпорын ардагер­лер кеңесінің төрағасы Жа­мансары Мақашев, Ме­тал­­лургтер мәдениет үйі­нің көркемдік жетекшісі Татьяна Карант және цех­аралық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы, №1 балқыту цехының бал­­­­қытушысы Ғанибек Есен­жолов, зауыт зей­неткерлері Зинаида Чугуева, Қуандық Калышев бастаған өнер­лі топ тағдыр тәлкегі­­мен қарт­­­­­­тар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тұрып жатқан зауыттың байырғы жұмысшылары Юсиф Сташакты – 80 жыл­дық, Лилия Оканьды 75 жыл­­­­­дық мерейтойларымен және жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтап барды. Ме­тал­лургтердің ыстық ықы­ласы мен ізгі ниетін жет­кіз­­ген Жамансары Мақа­шев­­қа қариялар шексіз риза­шы­лы­ғын білдірді. – Бүгінгі таңда зауыт ардагерлер кеңесінің құрамында 700-ден астам зейнеткерлер есепте тұрады. Бұл өз ал­дына үлкен бір ұжым болып саналады. Сондықтан да зейнеткерлердің де өз мә­се­­лелері, мұқтаждары бар. Олармен жұмысты ұйым­дастыру үшін ардагерлер ке­­ңесі тығыз байланыста. Қарт­­­тардың күнделікті тұр­мыста кездесіп отыратын мә­се­лелерін шешу барысында кеңестің орны ерекше. Біздің басты міндеттеріміздің бірі қарияларымыздың қамсыз қарттықты бастан өткеру үшін барлық жағдайды жасау болып табылады. Жасап та келеміз. Әсіресе, қарттар үйін­дегі қамкөңіл ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың қоғам өмірінен шет қалмауын қадағалап оты­рамыз. Бүгін­гі басқо­су осының дәлелі. Бел­гілі бір себептермен өз­де­рі­нің қарттық күндерін отбасымен емес қарттар үйін қара шаңыраққа айналдырып, осы жерден пана тапқан зейнеткерлеріміздің өмірі бізді алаңдатпай қоймайды. Оларға барынша қамқор болып, құрмет көрсету біздің парызымыз. Осыны ұрпақ санасына сіңіріп өсу қажет деп есептеймін, – дейді арда­герлер кеңесінің төрағасы. – Мен Ақтөбе фер­ро­қо­рытпа зауытында еңбек ет­кенімді әлі күнге дейін мақ­­­танышпен еске алып оты­рамын. Металлургтер әр­дайым қарттарына қамқор болып жүреді және өздері­нің зейнеткерлерін ешқаш­ан естен шығармайды. Ал, бү­­гінгі күн мен үшін есте қа­­­ларлық, қуанышты күн болды десем артық болмас. Өйткені, менің әріптестерім, сүйікті зауыт ұжымы маған тосын сый жасап, 80 жылдық мерейтойыммен құттықтап мерейімді бір асырып тас­тады. Ал, достарым да осы қуа­­нышты сәтте бірге болу­ға жұмыстарын тастап осында келіп отыр, – деді Юсиф Ста­шак қуанышын жасыра алмай. Қарттар үйінің тұр­ғын­дарын, сондай-ақ, Юсиф атай пен Лилия апайды мерейтойларымен құттықтай келген өнерпаз металлургтер әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй тартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Зинаида Чу­гуе­ваның орындауындағы «За­водской проходной» ән­ін бір­ге шырқап қариялар за­уыт­­тағы еңбек белестерін, қы­­­зықты, қуанышты күнде­рін бір сәтке ой елегінен өт­кі­зіп, жа­лындаған жастық шақ­тарын еске алып бір жасап қалды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».  Ақтөбе.