• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2016

Қарағандыда модельдік агенттіктің директоры сотталды

279 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 25 ақпан. Қарағандыда қыздарды шетелге жезөкшелік жолмен жіберіп отырған модельдік агенттіктің директоры алты жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Модельдік агенттіктің 21 жастағы директоры адам саудасымен айналысты деген күдікпен былтырғы жылдың қараша айында қамауға алынған болатын. Тергеу барысында анықталғандай, экс-директор Қарағандының ару қыздарын модель боласыңдар деп алдап, Бахрейн мен Араб Әмірліктеріндегі жезөкшелер үйіне жіберіп отырған. Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыптың бәрін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі.