• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

«Бірлік» туризмді дамытуға шақырады

317 рет
көрсетілді

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту және сырттан келетін туризмнің деңгейін көтеру «Бірлік» саяси партиясының басты назарындағы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай партия мүшелері мемлекеттің Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтарды жаңғырту бағдарламасына енгізілген Жамбыл облысына сапар шекті. Олар Айша бибі кесенесіне тәу етіп, «Көне Тараз» археологиялық саяба­ғын­дағы нысандармен танысты. Аталған са­я­бақ ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сінің бағ­дарламасына енгізіліп, турис­тер ағынын осы аймаққа бағыттау жоспар­ланған. Көне мұрағаттардың сарап­шы­ларымен кездесу барысында «Бір­лік» партиясының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Асқар Сыздықов бүкіл әлемде туризм экономиканың табысты көзі екендігін атап өтті және оны елімізде де дамыта түсу керектігіне тоқталды. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнесті көтеру арқылы еліміздің жалпы дамуына әсер етеді. Тарихқа көз жүгіртсек, ортағасырлық Тараз қаласы Қазақстан тарихындағы ең ірі саяси, мәдени, сауда, әкімшілік орталығы болған. Осынау әулиелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан, кейінгі тарихымыздан жеткен ұзын саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Сәулет өнерінің ор­та­ға­сырлық інжу-маржаны Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек кесенелері, киелі Тек­тұрмас, Ақыртас сарай кешені, Қали Жү­ністің «Шығыс моншасы» секіл­ді баға жетпес жәдігерлер Тараз қала­сына ерекше көрік беріп, жылдан-жыл­ға туристердің қызығушылығын арт­тырып келеді. Әулиеата өңіріндегі бұл ке­шендердің біразы ЮНЕСКО-ның бү­кіләлемдік мәдениет тізіміне енген. Партия өкілдері, сонымен қатар, мем­лекеттің туристік инфрақұрылымды дамы­ту жөніндегі шараларын қолдай­тын­дығын жеткізді. Соның арқасында танымал туристік маршруттар жаңар­тылып, жол бойындағы сервистік қызмет дамып отыр. Шынында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі қала іргесінен өтеді. Демек, туристердің ағылып келуіне қолайлы жағдай бар. Яғни, ендігі міндет – түрлі дәуірлердегі Ұлы Жібек жолының бір пұшпағы Тараздың бет-бейнесін мәдени қабаттарды аршу арқылы жарқырата көрсетіп, оның бар болмысын халыққа қауыштыру. – Еліміздегі тарихи орындарды қорғап, мәдени нысандарды көбейтіп, жағ­дай жасау, туризм мәселесінің дамып, кең қанат жаюына әсер ету «Бір­лік» партиясының сайлауалды бағдар­ламасындағы басты мақсаттардың бірі, – деді бұл жөнінде «Бірлік партия­сы» Жам­был облыстық филиалы төраға­сы­ның орынбасары Шахизада Ибрайым.  Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.