• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Аспан түсті көзі бар

409 рет
көрсетілді

мысық ғаламтор жұлдызына айналып тұр Британиядан кезіккен аспан түстес көк­пеңбек тұнық көзі бар Коби деген мысық екі күннен бері күллі әлемнің әлеуметтік желі­лерінің нағыз жұлдызына айнала бастады. Алғаш рет суреті «Фейсбукте» жарық көрген жануар туралы постыны қазірге дейін 6,5 мың адам оқып үлгерсе, «Инстаграмдағы» рәсімін 311 мың оқырман қарап шығыпты. Қазір ағылшын журналистері Кобидің көзін америкалық атақты әнші Фрэнк Синатраға ұқсатып жатыр. Ал 1915-1998 жылдары өмір сүрген бұл актер әрі шоуменнің көзі тірісінде 9 рет «Грэммиді» жеңіп алғаны белгілі. «Мысықтың адамға қарауы да сол атақты адамның стиліне қатты ұқсайды», – деседі деп жазады Huffington Post газеті осыған орай. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.