• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Вагон паркі жаңғыртылады

606 рет
көрсетілді

«ЗИКСТО» зауыты ширек ға­сырға жуық теміржол саласына жүк ва­гондары мен платфор­малар шыға­румен айналысып келеді. Осы уақыт бедерінде біраз тә­жіри­бе жинақтап, бәсекеге қабі­летті отан­дық өнімдер игеру жөнінде еліміз­дегі жетекші кәсіп­орындардың біріне айналып отыр. Алайда, соңғы кез­дердегі әлемдік қаржы дағдары­сының салқыны салдарынан инно­вациялық технологияларды өнді­ріске енгізу мәселесінде біраз қиын­­дық­тардың туындағаны рас. Әсіресе, Ресей секілді алпауыт мемлекетпен бәсе­келестікке шыдау оңай емес. Ты­ғырықтан шығу жолдарын қан­ша қарастырғанмен, мемлекеттің қолдауынсыз алға ілгерілеу қиын. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин Қызылжар өңірінде болған жұмыс сапарында Жол­даудағы тапсырмаларға сәйкес экономиканың жеке секторларын дамытудың арнайы қабылданған бағдарламасы шеңберінде аталмыш кәсіпорында жиын өткізді. Онда «Вагон парктерін жаңғырту» жобасы бойынша жүзеге асырылатын басым бағыттар талқыға салынып, өзекті мәселелер аясында ой-пікірлер алмасылды. А.Мамин өз сөзінде Үкімет вагон құрастыру үшін 17,5 миллиард теңге бөлгенін, негізгі салмақ Қызылжар өңірінің ауыр машина жасау жұмысшы-қызметкерлеріне түсетінін, сол себепті платформалар мен бидай тасымалдау вагондарын құрастыру үшін жергілікті жерлерден жоғары белсенділік, зор ұйымдастырушылық талап етілетінін атап көрсетті. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов вагон паркін жаңарту саласында өңір мүмкіншілігі жоғары екенін, екіжақты тиімді әріп­тестік қарым-қатынасты дамыту ойда­ғыдай орындалатынын жеткізді. «ЗИКСТО» АҚ-тың бас директоры Валерий Спицын өнімнің өзіндік құнын төмендету, сапасын арттыру бағытында атқа­рылып жатқан жұмыстар жөнін­де әңгі­­меледі. Оның айтуын­ша, 25 тонна­лық вагондарды жөн­деуден өткізу­дің диагностикалық орта­лығын құру белгіленген. Бүгінде лицензиялық шарттар әзірленген. Ресейлік «Урал­вагонзавод» АҚ-пен келісім орнату арқылы жобаның екі нұсқасы жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде жүк көтеру ауқымдылығы жоғары жартылай вагондардың үлесі мол. Кездесуден кейін «Петропавл ауыр ма­шина жасау зауыты», «Ки­­ров атындағы зауыт», «»Мұ­най­маш» АҚ-тар мен «ГРИБО» ЖШС-нің өнімдері қойыл­ған көрме тамаша­ланды. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-тың темір­жол компаниясымен байланысы өзгелерге үлгі ретінде ұсы­ныл­ды. Оның бас директоры Қуа­ныш Бишімов он жылдан бері мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтіндерін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өнім көлемі арта түскенін мәлімдеді. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан». Солтүстік Қазақстан облысы.