• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Атырауда ауыз сумен қамтуға 1 млрд. теңге бөлінеді

384 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысында биыл елді мекендерді ауыз сумен қамтуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әкімнің мәлім етуінше, «Ақ бұлақ» бағдарламасы басталғалы бері Атырау облысында 88 нысанның құрылысы аяқталып, 72 елді мекенде тұратын 76 мыңнан аса тұрғын таза ауыз сумен қамтылыпты. Мәселен, өткен жылы Махамбет ауданының Ақтоғай, Сарытоғай, Жалғансай ауылдарына және Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылына да ауыз су жеткізілген. Облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу үлесі 52 пайыздан 75,6 пайызға өсті. «Биыл жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, ауыспалы 10 нысанның құрылысы аяқталады. Индер ауданында үш ауыл – Аққала, Құрылыс, Ынтымақ, Махамбеттің төрт ауылы – Алмалы, Таңдай, Ортақшыл, Алға, Исатай ауданында Тұщықұдық, Жылыойда Тұрғызба ауылының ғимараттары мен су құбыры аяқталады. Қызылқоға ауданының Тайсойғандағы ұңғымалары іске қосылады» – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.