• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Атыраудың 10 ауылына 9,7 млрд. теңгенің газ құбыры салынады

278 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 10 ауылға газ құбырын жүргізу үшін 9,7 млрд. теңге жұмсалады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау облысындағы елді мекендердің 79,5 пайызы, халықтың 98 пайызы табиғи газ жүйесіне қосылып отыр. Алайда, ең шалғайдағы әрі Ресей Федерациясымен шекарадағы Құрманғазы ауданында әлі де табиғи газ желісі тартылмаған бірнеше ауыл бар. Аудан  орталығынан 300 шақырымнан астам қашықтағы бұл ауылдар «Азғыр» әскери полигоны маңында орналасқан. «Халықты газбен қамтудағы ең үлкен жоба, тәуекелге бел байлап кіріскен жұмысымыз – Азғыр өңіріне газ құбырын жүргізу қолға алынды. Өңірдің 10 ауылында 8 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Бұл жұмыс Елбасының шекара маңындағы ауылдарды дамыту жөнінде берген тапсырмасына сәйкес жасалып жатыр. Газ құбырының ұзындығы 365 шақырым, жоба құны – 9,7 млрд. теңге. Құрылысы NCOC компаниясының демеушілігімен биыл басталады», – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.