• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Қостанайда цирк әртістері әкімшілік жауапқа тартылды

280 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 26 ақпан. Қостанай қалалық мамандандырылған соты қалаға өнер көрсетуге келген Колумбияның циркте ойнайтын төрт азаматына қатысты әкімшілік іс қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Колумбияның   жауапкершілікке тартылған әртістерінің барлығының да жасы 23-те. Олар көші-қон туралы заңына қарсы әрекет еткен. Шетелдік циркшілердің айтуынша, олар елдің заңды білмеген. Циркте ойнайтын Колумбия жастарына олармен келісімшартқа отырған цирктің әкімшілік директоры Қазақстанның заңы туралы ескертпеген, жастар оған бүкіл құжаттарын толтыруды сеніп тапсырған.  Қостанай қалалық  соты  шетелдік жастарды елдің заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 30 мың теңге айыппұл салды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.