• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Қызылордалық спортшылар халықаралық жарыстан олжалы оралды

325 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 ақпан. Біріккен Араб Әмірлігінде  таэквондодан «Фуджейра Опен – 2016» халықаралық жарысы аяқталды. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. G-2 дәрежесінде өткізілген жарысқа 17 елдің спортшылары қатысты. Жарыстан Қызылорда спортшылары олжалы оралды. Аталған сайыста жастар арасында 46 келі салмақта өнер көрсеткен Динара Әбдіржан жеңімпаз атанды. 63 келі салмақта Тахир Нәбиев екінші орын алса, 49 келіде Ботагөз Қапанова үшінші орынды иеленді. Ересектер арасында Жазира Сапарбек 46 келі салмақта және Айнұр Есбергенова 49 келі салмақта III орындарға ие болды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.