• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Таразда жыршы-термешілер байқауы өтті (фото)

875 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 26 ақпан. Жамбыл облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты жыршы-термешілер байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқауға республикамыздың әр аймағынан бас-аяғы 33 үміткер қатысып, Қапаш Құлыш, Дүйсенбек Өмірәлиев, Әбдімомын Желдібаев, Аяз Бетбаев, Елікбай Иса сынды елімізге танымал өнер қайраткерлері қазылық етті. «Әрине, Жамбыл бабамыздың бұған дейінгі мерейтойларында талай өнер байқаулары ұйымдастырылған. Бірақ бұрын-соңды еліміздегі үздік жыршы-термешілердің басын қосып, Жамбыл Жабаевтың жыр-дастандарын насихаттаған байқау болмапты. Сондықтан бұл Жамбыл жәкемнің жырларын жұртшылықтың жүрегіне жеткізіп қана қоймай, термешілердің де рухын көтеріп, абыройын аспандатқан іс-шара болды», – дейді Жамбыл облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсен Бықыбаев. Қазылар алқасының ұйғарымымен Жамбыл Жабаевтың және Жетісуда өмір сүрген ақын-жыршылардың шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің жүрегіне жол тапқан Данияр Рахымбай (Алматы облысы) бас жүлдені иеленді. Бірінші орынды Мақпал Тоқтағанова (Алматы облысы) және Сұлужан Әбенова (Жамбыл облысы) иеленсе, екінші орын – Жарасхан Төлебай (Қызылорда облысы), Ерболат Шалдыбеков (Алматы облысы), Мұратхан Донбаев (Шығыс Қазақстан облысы), үшінші орын Марат Сүгірбай (Қызылорда облысы), Құрман Байтасов (Астана қаласы), Төлеген Шәкәрімовке (Шығыс Қазақстан облысы) бұйырды. Сондай-ақ, Сүйінбай атындағы арнайы жүлдені ақтөбелік Ғазиза Абдирова, Қабан жырау жүлдесін жамбылдық Қарлыға Жамбаева, Сауытбек атындағы жүлдені тағы бір жамбылдық Жұлдыз Ысқақов,  Бармақ ақын атындағы жүлде атыраулық Байбақ Ыдырбай, Кенен Әзірбаев атындағы жүлде шығысқазақстандық Гүлмира Темірбекова, Аяз Бетбаев атындағы жүлдені қостанайлық Абзал Алпысов иеленді. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: Ақәділ Рысмахан.