• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Ашық ауадан – мөлдір су

414 рет
көрсетілді

сорып алатын биоматериал ойлап табылды Америка ғалымдары ойлап тапқан жаңа биоматериал ауадан тиімді жолмен су сорып алуға мүмкіндік бергелі тұр. Олардың айтуларынша, бұл планетаның Калифорния сияқты құрғақ аудандарында осындай конденсаторларды пайдалануға мүмкіндік береді. Джон А.Полсон атындағы Гарвард инженерия және қол­данбалы ғылымдар мектебінің зерттеушілері жасап шығарған мұндай материал қазір шөл және шөлейт аймақтарда тұратын тұр­ғындарды қатты қуандырып отыр. Шын мәнінде, оқымыстылар ауадан суды көбірек «сорып алатын» өзгеше материал жасап шығара алған. Олар бұған дейінгі осындай талпыныстардың бәрінен артық нәтижеге қол жеткізген. Зерттеушілер бұған ең бір аңызақ шөл жағдайында өмір сүре беретін қоңыздар мен кактус өсімдігінің әрекеттерін үлгі ретінде пайдаланып бақты. Мәсе­лен, Намибия шөліндегі қоңыз таңертең ерте, ауа конденсаты өзінің шарықтау шегіне жеткен кезінде суды арнайы мембраналар арқылы арқасынан жинап алады екен. Ал кактустердің тікенекті жапырағы судың өсімдік тініне қарай өтуіне көмектесетінге ұқсайды. Ғалымдар зерттеу кезінде осы аспектілерге айрықша назар аударған. Руслан ИГІЛІК.