2015 жылғы 1 сәуір, Астана қаласы
«Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 125-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9015 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2014 жылғы 8 ақпандағы № 27 (28251) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж.Мұсайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі ____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 сәуір
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10969 болып енгізілді.