• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2016

Ауғанстанда лаңкестердің шабуылынан 11 адам қаза тапты

215 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 ақпан. Ауғанстанның Кунар провинциясына қарасты Асадабад қаласында жарылыстың салдарынан 11 адам қаза тауып, 40 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған дейін 10 адамның мерт болып, 15 адам зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Жарылыс провинция губернаторының үйіне жақын маңайда болды. Ауғанстанда соңғы кездері жағдай күрт нашарлап кетті. Жергілікті лаңкестер ұйымы елдің бірнеше елді-мекендерін басып алғаннан кейін үлкен қалаларға шабуылдай бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенер болсақ, 2015 жылы жергілікті тәртіп сақшылары мен лаңкестер ұйымы арасындағы қақтығыс кезінде 3,5 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сондай-ақ, 7,5 мың адам зардап шеккен. Биыл әйелдер мен балалар арасындағы өлім көбейіп барады. Қақтығыс кезінде мерт болғандар көрсеткіші бойынша, олар 10 пайызды құрайды. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: freerepublic.com.