• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды

300 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысының Өкімдерімен Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сонымен, Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Еламан Қоңыр. Дерек: akorda.kz. Сурет: mfa.kz.
Соңғы жаңалықтар