АСТАНА. 5 наурыз. Қытайдың халық саны 2020 жылы 1,42 миллиардқа жетеді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қытай халық өкілдерінің құрылтайына ұсынылып бекітілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 13-ші бесжылдық жоспарының жобасында осындай болжам жасалды.
«Қытай халық санын арттыру жүйесін реформалайды. Бір отбасында екі бала стратегиясын жүзеге асырады. Бұл іс гендерлік теңсіздікті, сондай-ақ, тұрғындардың қартаю мәселесін жояды. 2020 жылға қарай халық саны 1,42 миллиардқа жетеді», – делінген құжатта.
2015 жылы ресми дерек бойынша, Қытай Халық Республикасының халық саны 1,37 миллиард адамды құрады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.