• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2016

Әйелдерді генералдардың құттықтауы таңғалдырды (фото)

383 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. Қорғаныс министрінің орынбасарлары халықаралық 8 наурыз әйелдер күніне орай әскери қыз-келіншектері үшін концерт ұйымдастырды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «21 ғасырда әйел әскери қызметші немесе сарбаз әйелдің болуы ешкімді таңғалдырмайды. Елбасы – Жоғары Бас Қолбасшының сөзімен айтсақ, «бүгінде ер-азаматтар сияқты әйелдер де погон тағуға тең құқылы», деп Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қыз-келіншектерге жылы лебізін білдірді. Мерекелік концерт әйел әскери қызметшілерді шаттыққа бөлеп, көңілін бір көтеріп тастады.  Бірде-бір көрермен бұл мерекеде назардан тыс қалмады. Оларға гүл шоқтары тарту етіліп, аяулы аруларға арнап арнайы шығарылған ән орындалды, ал жасұландықтар қыз-келіншектерді биге шақырды. Алайда, концерттің ең басты тосынсыйы Қорғаныс министрі орынбасарларының көрсеткен өнерлері болды. Генерал-лейтенант Оқас Сапаров пен Нұрлан Сауранбаев лирикалық әндер орындаса, генерал-майор Талғат Мұхтаров сахнада театрландырылған қойылым көрсетіп, барлық залды тәнті етті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: egemen.kz