АСТАНА. 6 наурыз. Украинаның Днепропетровск облысындағы «Юбилейная» шахтасында метан газы жарылды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған шахтадағы жарылыстың салдарынан 3 адам зардап шеккен. Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде кеніште 170-тен астам жұмысшы болған дегенді айтуда. Жарылыс кезінде олар тез арада сыртқа шығарылған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жарылыстың себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Олар апат орнында құтқарушылармен бірігіп жұмыс жасауда.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.